You are currently viewing ТҰМАУДАН САҚТАНДЫРДЫ!

ТҰМАУДАН САҚТАНДЫРДЫ!

  • Post category:Новости

Батыс аймақтық теміржол станциялары мен вокзалдарында тұмаудан сақтану және жедел респираторлы вирустық инфекцияның алдын алу жұмыстары күшейді.

Ақтөбе көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық мамандар теміржолшылар арасында тұмаудан сақтануға қатысты
профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе жолаушы тасымалына тікелей жауапты мекемелерде сақтық шараларын екі есе күшейту керектігі айтылды.
«Эпидемиялық болжауға сәйкес алдағы індеттік кезеңде тұмаудың және басқа да ЖРВИ індеттерінің көтерілуі желтоқсан- қаңтар айларына, ал төмендеуі наурыз-сәуір айларына келеді. Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі тұмауға қарсы екпе алу болып табылады. Әр адам аурудың алдын алу үшін дер кезінде екпе алу туралы ойланғаны жөн, себебі тұмауға қарсы екпе алу, тұмау індеті деңгейін едәуір төмендетеді», – дейді Ақтөбе аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сұлушаш Жұмағазина.
Тұмау соңғы жылдары бүкіл әлемде жаппай өршуге, тіпті эпидемияға әкеп соқтыратын дертке айналды. Жыл сайын тұмауға қарсы профилактикалық екпе егу қазан айынан басталады. Жергілікті бюджеттен ақысыз вакцинациялауға жататын адамдар медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан асқан әлсіз және жиі ауыратын балалар, балалар және сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері, қарттар мен мүгедектер үйлерінің тұрғындары, жүкті әйелдер және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдар алулары тиіс. Тұмауға қарсы тұрғындарды ақылы түрде вакцинациялау аудандық емханада, елді мекендер бойынша емдеу- профилактикалық мекемелерде жүргізіледі.
Осылайша індет қаупін түсіндірген мамандар теміржолшыларды екпе алуға шақырды. Сондай-ақ ғимарат ішін жиі ылғалдап сүрту, антисептиктер қолданып жүруді естен шығармауға шақырды.

Источник


Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе
Суретті түсірген автор