You are currently viewing Теміржолшы 80 жасқа толды

Теміржолшы 80 жасқа толды

  • Post category:Новости

Қазалы вагон пайдалану депосының өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып, теміржолда көп жыл тер төккен зейнеткер Нұрадин Ибрагимов мерейлі 80 жасқа толды. Депо бастығы Арғын Орымбаев бастаған құрам туған күн иесін арнайы барып құттықтады.
– Қазақстан теміржолының 120 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған мерейлі 80 жас тойыңызбен Қазалы вагон пайдалану депосы ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймын. Бүкіл саналы ғұмырыңызды осы салаға арнадыңыз. Қаншама азаматқа тәлімгер ұстаз болдыңыз, жылдар бойы жинаған тәжірибеңізбен бөлістіңіз. Бүгінде сіздің тәлім-тәрбиеңізді көріп, сіз сияқты еңбек көрігін қыздырып жатқан інілеріңіздің жүрекжарды тілектерін еңбегіңіздің ақталғаны деп біліңіз. Сіздің қуанышыңызды бөлісе отырып, отбасыңызға жарастық, өзіңізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз. Арамызда ұрпақтарыңыздың батагөй тілеуқоры, кеудесі дария, тау мүсін қария болып отыра беріңіз, – деп әріптестерінің құттықтау лебізін жеткізді депо бастығы.
Ел ақсақалы атанған теміржол саласы ардагерлері зейнет демалысында болса да әрдайым өздері жұмыс жасаған мекеменің жеңісіне қуанып, саланың өркендеуін тілеп отырады. Арасында замандастарымен депода бас қосып, жастармен еңбектегі және өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін береді.
Сабырхан Сейілбекұлы