Вы сейчас просматриваете ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ!

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ!

  • Рубрика записи:Новости

Жамбылдық жас теміржолшылар- дың отбасында тәрбиеленіп жатқан ұл-қыздардың өнер, оқу, спорттағы
жетістіктері отбасындағы өнегелі тәрбиеден болса керек. Мысалы, Әулиеата өңіріне белгілі династия – Букеновтар
әулетінің бүгінгі өкілі Нұрболаттың отбасын алайық.

Теміржолдағы жалпы еңбек өтілі 290 жылға жетіп жығылатын династия өкілі, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының энергодиспетчері Нұрболат Мелдебековтің төрт баласы бар. Жұбайы Ләззат Мелдебекова кәсіподақ ұйымының іс жүргізушісі. Ынтымағы жарасқан бұл отбасының басты ұстанымы – балаларына жақсы тәрбие беріп,
өнер-білімге баулу. Отбасының тұңғышы №51 Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің үшінші сынып оқушысы Мұрат
таэквандомен айналысады. Тараз қаласындағы JITAE Таэквандо клубына барып жүрген Мұрат – бүгінгі күнге дейін пумсэ, спаринг жарыстарына қатысып, жүлделі орындар алып жүрген жеткіншек. Болашақта еліміздің көк байрағын шетелдерде
желбіретіп, чемпион боламын деген арманы бар. Ал екінші перзенттері Камила спорттың ерекше, әдемі түрі – көркем гимнастикамен айналысады.
Бүлдіршін қыз гимнастикамен айналысып жүрген екі жылдың ішінде 12 жарысқа қатысып, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалаларындағы жарыстарда топ жарды. Камила да жоғарыдағы мектептің екінші сынып оқушысы. Екеуі де оқу
озаттары. Ата-аналарының мақтанышы. Кішкентай Айла – екі жаста болса, шаңырақтың кенжесі Ахмедияр екі айлық сәби.
– Спорт еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Балаларымызды өздері қалаған спорттық үйірмелерге беріп отырмыз. Өздері де қызығушылық танытып, бүгінгі күні жарыстарда жүлделі орындар алып жүр. Келешекте қандай мамандық таңдайды – ол әрине өз таңдауларында. Теміржолшылар династиясын жалғастырып, теміржол мамандығын таңдаса оған да қарсылығымыз жоқ. Біз көп балалы отбасы болсақ дейміз. Ата-анамыздың берген тәрбиесі бар, оның үстіне бала бір-біріне қарап өседі, бір-біріне мейірімді, қайырымды болады. Ата-ананың мақсаты мен міндеті – оларға жақсы тәрбие беру, – дейді
отағасы Нұрболат Ілиясұлы.

источник


Ерман ӘБДИЕВ, Тараз
Суретті түсірген автор