You are currently viewing Жамбылда бильярдтан жарыс өтті

Жамбылда бильярдтан жарыс өтті

  • Post category:Новости

Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты құрылымдар арасында бильярдтан жарыс өтті.
Сарышаған станциясында өткен жарыстың форматы – бильярдтың «Еркін пирамида» түрінде өрбіді. «Еркін пирамиданы» ойыншылар «американка» деп те атайды. Ережесі қарапайым: қарсыластан бұрын сегіз ұпай жинау керек, яғни лузаға сегіз шар түсіруі тиіс. Ойынның бұл түрінде он алты пирамидалық бильярд шарларының стандартты жиынтығы: он бес және нөмірсіз бір түсті шар қолданылады. Бірінші соққыны қоспағанда, әрі қарайғы ойын барысында ойыншы үстел бетінде кез келген шарды ұра алады.
Он бильярд столында өткен ойын өте тартысты өтті. Жарыс қорытындысында Мәрлен Алимов, Бауыржан Әбдіхамиұлы үздіктер қатарынан көрінді. Ал Руслан Шойбеков турнир жеңімпазы атанды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар, кубок және қаржылай сыйлық тапсырылды.
Ардақ Үсейінова