You are currently viewing Жеңімпаз  команда

Жеңімпаз команда

  • Post category:Новости

Наурыз мерекесі құрметіне Маңғыстау- дың Болашақ станциясында шағын футболдан жарыс өтті. Ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен спорттық сайысқа бес команда қатысты.

Ауыл құрамалары өзара тартысты ойын көрсетті. Ақтық сында бас жүлде үшін Болашақ станциясының теміржолшылары мен ШЧ мекемесінің бірінші командасы суырылып алға шықты. Байланысшы жігіттерден үстем шыққан станциялықтардың бағы жанып, ақыры жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын байланысшыларға тиесілі болса, үшінші орынды дистанцияның екінші топтағы ойыншылары алды. Айта кетейік, ойынға Белгі беру-байланыс дистанциясынан екі команда қатысты.

– Жеңімпаздарға әкімдік тарапынан ақшалай сыйлық пен диплом табысталды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына байланысты ауылымызда тағы да ұлттық ойындардан түрлі сайыстар өткізіледі. Оған да біздің теміржолшылар белсенді қатысқалы отыр, – дейді командасын жеңіске бастаған топ басшысы, Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.

Айсұлтан Арман, Болашақ станциясы

Суретті түсірген автор