You are currently viewing Қан тапсырып – өмір сыйла!

Қан тапсырып – өмір сыйла!

  • Post category:Новости

«Нұрлы жол» теміржол вокзал кешенінде кәсіподақ комитетінің және Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұйымдастыруымен «Қан тапсырып – өмір сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Мақсат – адамдардың өміріне араша болу үшін қоғамды ақысыз түрде қан доноры болуға шақыру, әрбір азаматтың өз еркімен қан тапсыруының жүйелілігін қалыптастыру. Вокзалдың ұжымынан қан тапсыру штабына өтіп, аталған акцияға қатысқан 9 адам болды. Олар – Үсен Маменов, Зәмзәгүл Нәдірханова, Нұрболат Төлебаев, Аслан Жадранов, Ботагөз Шамшиденова, Мадина Кусаинова, Әділет Жақанов, Бауыржан Әбдімәлік, Данияр Кенжегозин. Ерікті түрде қан тапсыратындар қатарында жастар көп. Бір айта кететіні, жыл сайын елімізде 200 мыңнан астам адам қан тапсырады, оның ішінде 18 мыңға жуық донор – үш және одан да көп рет қан тапсырушылар екен.

Ұлан ОРАЗ