You are currently viewing <strong>Құрмет төрінде аналар!</strong>

Құрмет төрінде аналар!

  • Post category:Новости

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде мерекелік бас қосу өткізіліп, қызметте озат әрі үздік қыз-келіншектерге марапат ұсынылды. НЖС-10 кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажар Ерманованың басшылығымен жасалған жиын бөлімшенің жеке құрамында жұмыс жасайтын ерлер қауымының бастамасымен өзгеше форматта ұйымдастырылды.
Жиын басында сөз алған Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараевтың құттықтауынан кейін бөлімшенің дамуына ерен үлес қосып жүрген озатттар марапатталды. Олардың қатарында Қызылорда вокзалының анықтама беру жөніндегі кеңесшісі Рая Қуандықова, өндірістік жай тазалаушы Қалдыгүл Темірболатова, Қызылорда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің өрт байланысының орталық пункт (Норпож) диспетчері Камиля Ахметова, Персоналды басқару бөлімінің менеджері Бақыт Оразбай, Экономика бөлімінің инженері Жұлдыз Бисембаева, Еңбек және жалақы бөлімі инженері Айжан Абдреева, бөлімшенің машинист-хабарлаушысы Аружан Арынова, ҚҚК (қалпына келтіру) пойызының жолсерігі Дана Сұңқарбаева, бөлімше мұрағатшысы Зәуре Айдарова мен қаржыландыру бөлімінің менеджері Нұргүл Енсеповаларға құрмет грамоталары тапсырылып, арнайы шақырылған жүргізушінің марапаттау рәсімдері арасындағы викториналық сергіту сауалдарына жауап берген қыз-келіншектерге де арнайы сыйлықтар тапсырылды.