You are currently viewing Арыс пен  Түркістанды  дүбірлетті…

Арыс пен Түркістанды дүбірлетті…

  • Post category:Новости

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы жергілікті теміржолшылар арасында екі күндік жарыс ұйымдастырды. Арыс пен Түркістанда қатар өткен спорт додасына аймақтағы кәсіпорындар түгел қатысты.

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бастығының Түркістан өңірі бойынша орынбасары Ғани Меңдібаев пен Шымкент кәсіподағы филиалының төрайымы Нағима Салықбаева көпшілікті тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, командаларға жарыс жолында сәттілік тіледі.

Бірінші күні теміржолшылар үстел теннисі, шахмат, дартс, мини-футболдан бақ сынасты. Арыс қаласындағы Орталық стадионы мен Түркістан қаласындағы «Нұр» спорт кешенінде өткен жарысқа қатысушылар да, жанкүйерлер де көп боды. Екі күнді нағыз спорт мерекесіне айналдырған теміржолшылар аса белсенді болды. Футбол алаңында да, шахмат сайысында да, теннис пен дартс ойынында да кәнігі спортшылардан кем түспей, соңғы сағаттарға дейін жеңіс үшін таласып баққан командалар жан алып, жан беріскен ойынның нағыз үлгісін көрсетті.

Дегенмен, жарыс пен бәсеке болған жерде жеңіс бар, сайыстың нәтижесі бойынша шахматтан 1-орынды локомотившілер – ТЧЭ-33, 2-орынды Түркістан станциясы, 3-орынды Сарыағаш станциясы алды. Ал теннистен 1-орынды Сарыағаш станциясы, 2-орынды ТЧЭ-33, 3-орынды байланыс-белгі беру дистанциясы – ШЧ-38 иеленді. Дартс ойынынан 1-орынды Түркістан станциясы, 2-орынды ТЧЭ-33, 3-орынды Сарыағаш станциясы, ал мини-футболдан 1-орынды ШЧ-38, 2-орынды Сарыағаш станциясы, 3-орынды ТЧЭ-33 өзара бөлісті.

Арыс пен Түркістанды екі күн дүбірлеткен спорт додасы осылай мәреге жетті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар табыс етіліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жансая Сыдыкбаева, Шымкент

Суретті түсірген автор