You are currently viewing АСТАНА: БАҒЫТТАМА БҰРМАЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

АСТАНА: БАҒЫТТАМА БҰРМАЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

  • Post category:Новости

Астана жол дистанциясында биыл 23 бағыттама бұрманы ауыстыру жоспарланған. Өткен апта басында дистанция жұмысшылары Астана станциясы басындағы 3 бағыттама бұрмасы ауыстырылды.
«Толаскез» уақытында жөндеу жұмыстары болып жатқан Астана станциясы теміржолының бойындағы «бүкір көпір» тұсына келдік. Жұмыс барысын станцияның да, дистанцияның да басшылары қадағалап жүр екен. Дистанция директоры Дәурен Қабастың айтуынша, жөндеу жұмыстарын олар өз күштерімен жүргізуде.
– DESEC ауыр типті жол машинасы көмегімен бағыттама бұрмаларын жаңартып жатырмыз. Бұл ағаш шпалдарын темірбетон түріне ауыстырып, жер төсемдеріне 40 см-ге дейін жаңа қиыршық тастар төсеуге жол жөндеушілердің жұмысын біраз жеңілдетеді. Көріп тұрғаныңыздай, техника 32 тонналық бағыттама бұрмасын алып, өзі салып жатыр. Жалпы күніне 6 сағаттық «техникалық толаскез» жұмыстарын алып, жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Сонымен қатар ауыстырылған бұрманың үстінен УНИМАТ ауыр типті жол машинасы жүріп өтіп, жер төсемін нығыздап, деңгейіне сай сәйкестендіреміз. Екі ауыр типті жол машиналарын ПЧМ «Ағадыр» мекемесінен алдық. Осындай техникалардың арқасында жол жөндеушілеріміз бұрынғыдай жер төсемін қолмен ұрып нығыздамайды және де адам күшін азайтады, – дейді дистанция бастығы.
Жоспардағы бұрмалардың бәрін шілде айына дейін жаңарту көзделіп отыр. Соның ішінде үшеуі Астана станциясы теміржолында болса, қалғандары Анар, Бурабай бағытындағы теміржол бойындағы станцияларда жатыр. Жалпы дистанцияға қарасты 726 бағыттама бұрмасы бар.
– Осындай басты жолдардың бұрмаларын жаңартылғаннан кейін жөндеуден шыққан ескі шпалдарын, екінші деңгейлі жолдарға салып, оны да пайдаға асырамыз. Бір бағыттама бұрмасын ауыстыруға бірекі күн кетеді. Бірінші күні дайындаймыз, екінші күні ауыстырамыз. Қазіргі таңда бір бағыттама бұрмасын ауыстыруға 18 жол жөндеуші, бір аға жол шебері мен бригадир жұмылдырылған. Жұмысты 40-50 күнде аяқтаймыз, – дейді Д. Қабас.
Бағыттама бұрмаларының ағаш шпалдары 1995-96 жылдары салынған. Жөндеу жұмыстары кезінде қиыршық тастар Аршалы станциясынан, ал темірбетон шпалдар Екібастұз станциясынан жеткізіледі.