You are currently viewing Қар құрсауымен күресу

Қар құрсауымен күресу

  • Post category:Новости

Теміржолшылар рекордтық жауған қардың салдарын тез арада жоюда. Ақпан айындағы қарлы боран көп күттіре қойған жоқі. Кейбір учаскелердегі қар үйінділерінің биіктігі 3-4 метрге жетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Өткен тәуліктің өзінде жол бойындағы қар құрсауымен күресу үшін 70 бірлік техника шығарылып, 2 мың қызметкер тартылды.
1-7 ақпан аралығында 10 мың шақырымнан астам жол тазартылып, 114 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап қар жинайтын жол машиналарымен 1 932 рейс орындалды, 500 мың текше метрге жуық қар массасы шығарылды.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда қалың қар мен желдің күшеюі күтілуде, оның екпіні елдің солтүстігінде секундына 30 метрге жетеді. ҚТЖ жол қызметі магистральдық жолдарды тазалаудың тәулік бойы режимі ұйымдастырылғанын атап өтті.