You are currently viewing Ұлттық ойын үздіктері

Ұлттық ойын үздіктері

  • Post category:Новости

Болашақ станциясында Наурыз мейрамына орай ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.

Білекті жігіттер алдымен қазақ күресінен бақ сынасты. Балуандар арасында Болашақ станциясының басшысы Мақсат Нұрбеков та бар. Ауыр салмақ бойынша алаңға шыққан ол жүлделі орынды жеңіп алып, Болашақтың балуаны атанды. Екінші орынды «Теміржолсу» қызметкері Мырзабай Тұрғанбаев алса, үшінші орынды өрт сөндіру пойызының қызметкері алды. 75 кг дейінгі салмақта бірінші және үшінші орынды Болашақ станциясының қызметкері Есен Қайырмағанбетов пен Сапарғали Файзұлла иемденді. Екінші орынды шекара қызметінен Айсұлтан Дауылбаев еншіледі.

Ерлер және әйелдер арасында өткен арқан тартыс жарысында станцияның қыздар және жігіттер командалары үшінші орынды иемденді. Одан басқа кір тасын көтеру және әйелдер арасында аударыспақ ойыны да болды. Тас көтеруде бірінші орынды электрмен жабдықтау дистанциясынан Нұрлан Құлжанов, екінші орынды жол дистанциясынан Жаңабай Ешмағанбетов, үшінші орынды әскери қызметкер Ерболат Макаров алды. Аударыспақ сайысында мектеп ұстаздары мен балабақша тәрбиешілерінің бағы жанды.

Айсұлтан АРМАН, Маңғыстау

Суретті түсірген автор