You are currently viewing Әйтеке би вокзалы жөндеуден өтті

Әйтеке би вокзалы жөндеуден өтті

  • Post category:Новости

«Ғасыр құрылысы» атанған «Хромтау – Алтынсарин» магистралі бойындағы Әйтеке би вокзалы жөндеуден өтті. Ғимараттың қасбеті жаңарып, күту залы әсем де әдемі түрге енді.
Әрине, темір жол вокзалдары әр өңірдің «визиткасы» сынды. Әйтекеге келген-кеткен, тіпті пойызбен өткен жолаушы халықтың елді мекен туралы алғашқы әсері осы вокзалдан, оның қызметінен басталатыны да белгілі. Сондықтан пайдалануға берілген жиырма жылға жуық уақыттан кейін биыл Әйтеке би вокзалына жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.
Әйтеке би станциясындағы белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Серік Екібаевтың айтуынша, вокзалдың төбе жабындысы да жаңартылып, кейбір кемшін тұстар реттеліп жатыр. Қазіргі уақытта ғимараттың қасбеті толық боялып бітті. Вокзал ішіндегі жолаушыларға арналған күту залы да көз тартарлықтай жаңарып қалды.
Вокзал ғимаратында жолаушыларға сервистік қызмет көрсету жақсы жолға қойылған. Жолаушылардың игілігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсететін төлем терминалдары бар. Пойыздардың жол жүру кестесі, ақпараттық-анықтама тақтасы, ұжымдық пайдалану таблосы, ақпараттық дүңгіршік те вокзал ішінен табылады. Аймақ тарихы көрсетілген тақырыптық инсталляцияны да көруге болады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасалған.
Ардақ Ерубаева