You are currently viewing 120 жылдығына орай боулингтен жарыс өтті

120 жылдығына орай боулингтен жарыс өтті

  • Post category:Новости

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі мен кәсіподақ комитеті қыз-келіншектер арасында боулингтен жарыс ұйымдастырды.
Бәсекеге бөлімшеге қарасты құрылымдар өз командаларын қосты. «НЖС-8», «ПЧ-51», «ШЧ-36», «ЭЧ-21» құрамалары өзара жарыс көрігін қыздырып, әдемі ойын көрсетті. Қатысушылардың спорттық бабына қарап, боулингшілер құрамасы қалыптасып қалғанын байқауға болады. Бәсеке өте жоғары болды.
Талап бойынша әр топ бір түсті форма киіп келуі тиіс болған. Ал бұл жарыс қорытындысында есепке алынатын қосымша ұпайдан бөлек, қатысушыларға командалық рух берді.
Тартысты өткен жарыста «НЖС-8» командасы чемпион атанды. Аз ғана ұпаймен қарсыластарына жол берген «ЭЧ-21» спортшылары 2-орынды еншіледі. Үздік үштікті қорытындылаған «ШЧ-36» тобы болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, кубоктар тапсырылды.