You are currently viewing АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!

АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!

  • Post category:Новости

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ биылғы жылдың алғашқы алты айының жұмысын қорытындылады. Компанияда өткен ауқымды кеңесте сонымен қатар, алдағы екінші жартыжылдықтың негізгі міндеттері айқындалды.

Ұлттық компанияның барлық деңгейдегі басшылары мен оның аймақтардағы филиалдары мен еншілес ұйымдарының жетекшілері түгел қатысқан жиын барысында негізгі өндірістік көрсеткіштердің оң динамикасы аталып өтті. Айталық, алғашқы жартыжылдықта тарифтік жүк айналымы 130,4 млрд. т-км неттоны құрады, бұл өткен жылдың есепті мерзіміндегі деңгейден 8,6%-ке жоғары. Транзиттік жүк айналымы 39,1%-ке өсіп, 27,8 млрд.тонна-километрге жетсе,
соның ішінде контейнерлік транзит 26%-ке артқан. Қазақстаннан Қытайға экспорттық жүктерді тасы малдауда да айтарлықтай өсім байқалып отыр. Нақты көрсеткіш 5,7 млн тоннадан асады. Бұл өткен жылғы деңгейден 27%-ке артық деген сөз. Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жолаушы-км құрап, 2022 жылғы фактіден 1,2% жоғары болып отыр.
Биылғы наурыз-маусым аралығында шамамен 600 км темір жол жөндеуден өткен. Бұл көрсеткіш те өткен жылғы кезеңнен 100 км артық. 2023 жылы жөндеу жұмыстарының барлық түрімен 1 126 км магистральді сауықтыру жоспарлануда. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жылжымалы құрам паркін
жаңарту бойынша да игілікті іс-шаралар жүзеге асы рылуда. Бұгінге дейін, 36 локомотив, 48 фитингтік платформа және 14 жолаушылар вагоны сатып алынса, жыл соңына дейін тағы 139 локомотив, 620 жүк және 50 жолаушылар вагоны сатып алынады деп күтілуде. Келелі жиында ерекше назар аударылған мәселе, әрине, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ең бекті қорғау тақырыбы болды. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына байланысты бірқатар жауапты басшыларға
тиісті тәртіптік жаза қолданылып, лауазымынан босатылды. Өндірістік қауіпсіздіктің нашарлауы алаңдаушылық тудырады. Анықталған ескертулерді жою, өндірістік жарақаттануды азайту, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ, жолаушылар пойыздарының өтуіне әсер ететін тастанды құрамдар санын азайту бойынша жұ мысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Күзгі-қысқы кезеңде астық, көмір сияқты әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдауға сапалы дайындық жасауға басымдық берілді.

Ислам ТАЛҒАТ,
Астана


Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК