You are currently viewing БАЛА-ӨМІР БАҚЫТЫ

БАЛА-ӨМІР БАҚЫТЫ

  • Post category:Новости

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының ұйымдастыруымен 1-маусым балалар күніне орай өткен іс-шараға Шымкент жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шымкент, Қазығұрт, Қызылсай, Қорғасын, Түлкібас, Манкент, Текесу т.т. станциялардан теміржолшылардың 125 баласы қатысты.
2-маусым күні Шымқаладағы «Firkan City» ойын-сауық орталығында ертегі кейіпкерлері мен балаларға заманауи мультфильм персонаждары жас көрермендеріне тамаша мереке сыйлады. Сондай-ақ балалар арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, топтық жарыстар болды. Сонымен қатар ерке қыздар бетіне аква гримм салдыртып қуанышқа бөленді. Бұл күні «FunkyTown» ойын алаңшасының барлық аумағында 4-12 жас аралығындағы бүлдіршіндерге тегін қызмет көрсетілді. Мерекелік шоу-бағдарламаның соңы балаларға арналған пицца мен тәтті сусындары бар фуршетке жалғасты.
Балалар арасындағы осындай көңілді кештің өтуіне ҚТЖ «Жүк тасымалы» Шымкент филиалы мұрындық болды. Бөлімше кәсіподағы төрағасы Ермекбай Ерманов пен Шымкент филилалының экономика және қаржы жөніндегі директор орынбасары Арман Сабденов бүлдіршіндерді құттықтады Мереке соңы берекеге ұласып ҚТЖ «Жүк тасымалы» Шымкент филиалының атынан Шымкент станциясының көпбалалы 5 отбасына 30 000 теңге қаржылай көмек, Түркістан қаласындағы ТЧЭ-33 мекемесінен ерекше балдары бар 5 отбасыға 27 000 теңгеден қаржылай көмек, Сарыағаш станциясындағы көпбалалы 5 отбасыға 27 000 теңгеден қаржылай көмектер берілді.


Шымкент, Сабира Байзахова