You are currently viewing ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ!

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ!

  • Post category:Новости

Қауіпсіздік деңгейін нығайту мақсатында Маңғыстау темір жолында бірқатар сала өкілдері басын қосқан дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының темір жолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасының тармақтарын орындау бағытында ұйымдастырылған жиынға теміржол кәсіпорындары мен желілік полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен аудандағы басқа да мекемелердің басшылары қатысты.

Басқосу барысында қатысушылар Жол картасының тармақтарын орындау бойынша өзара іс-қимылдар ұйымдастыру жөнінде кеңесті. 2023 жылға арналған жоспарлар талқыланып, теміржолда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту мақсатында мал-жанның жолға шығып кетуіне тосқауыл болатын қоршауларды жөндеу және жаңадан салу жұмыстары пысықталды.

Сонымен қатар көлік объектілерінде, яғни станциялар мен бекеттерде, жолаушылар пойыздарының вагондары мен вагон-мейрамханаларда және локомотивтерде бейнебақылау құрылғыларын орнату қажеттігі көтерілді.

Аталған бағыттағы жиын өткен жылдың соңғы тоқсанында да өткізіліп, бейнебақылау құрылғыларын орнату осы жылға межеленген болатын. Бүгінгі басқосуда осы мәселеге орай жұмыстар наурыз айында басталатыны белгілі болды. Теміржол бойындағы қоршауларды жаңарту, жаңасын салу бойынша біраз жұмыстар осы тоқсанға жоспарланыпты. Өйткені жиында Бейнеуден Болашақ станциясына дейін 515 шақырым қоршалмаған жол бойы қауіпсіздікке үлкен қауіп-қатер туғызып отырғаны, әсіресе мал басу оқиғалары көп орын алатыны өткір сөз болды.

Бұл тұрғыда Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры М.Бақтыгереев түсінік беріп, мән-жайды баяндады. Сонымен қатар Маңғыстау теміржол вокзалына қарасты ана мен бала бөлмесінің қолжетімсіз орында орналасқанына қатысты да сұрақтар көтерілді.

Источник

Шахида ЖҰМАН,
Маңғыстау

Суретті түсірген автор