You are currently viewing Еңбекті қорғау мәдениеті

Еңбекті қорғау мәдениеті

  • Post category:Новости

Теміржолда өнімді еңбек жағдайын қамтамасыз етуде еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырудың мәні зор. Сол мақсатта Ақкөл станциясында да «Еңбекті қорғау мәдениеті» тақырыбында жоспарлы техникалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Станцияның өндірістік оқыту шебері Зарина Оразалина мен техникалық бөлімнің инженері Ботагөз Еришева ұйымдастырған жаттығуға Ақкөл, Шортанды, Төңкеріс станцияларының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

– Мұндай іс-шаралардың қызметкерлердің бәрін еңбек міндеттемелеріне деген жауапкершілікпен қарау бойынша қарым-қатынасын арттыруда маңызы зор. Осы ретте филиал бойынша өндірістік оқыту шебері үнемі станция қызметкерлеріне жарақат алуды, апатты жағдайларды азайту, болдырмауға қатысты техникалық сабақтарды ұдайы өткізіп отырады. Бір айта кетерлігі, мекемелердің әрбір қызметкері қасындағы әрбір әріптесі үшін де өзінің жауапкершілігін сезініп, қашан да көмек беруге дайын тұруы керектігін айта кеткім келеді. Бұл – біздегі корпоративтік және мәдени құндылықтардың бірі және жалпыға ортақ мінез-құлық үлгісі, – деді станция бастығы Нұрбол Назаров.