You are currently viewing Еңбекті қорғау мәселесі талқыланды

Еңбекті қорғау мәселесі талқыланды

  • Post category:Новости

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелердің бас инженерлері мен еңбек қорғау инженерлерінің қатысуымен семинар өтуде.
Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясында өтіп жатқан семинар «Еңбекті қорғау және оның тәуекелдері» тақырыбы аясында өрбіді. Басқосуда еңбек қорғау мамандары тарапынан әзірленген баяндамалар тыңдалып, ұсыныс-пікірлері айтылып, жиналғандар өзара тәжірибе алмасуда.
Семинарда Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов, «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов, Қызылорда облыстық бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Айдос Асқарұлы және мекемелердің бас инженерлері мен еңбек қорғау инженерлері, сонымен қатар Шиелі вокзалының бастығы Алмат Досымов, аймақтағы бірқатар Қалпына келтіру, Өрт сөндіру пойыздарының басшылары да қатысуда.
– Түске дейін 16 маманның еңбек қорғау тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып, олар көпшілікпен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың негізгі мақсаты – теміржолшы еңбегінің қауіпсіздігі. Аса қауіпті аймақ саналатын салада түрлі тосын, қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Осындай жағдайлардың қайталанбауын мұрат еткен семинар адам өмірінің құндылығы, нөлдік жарақат ұстанымына қол жеткізуге талпынысымен өзекті болмақ, – дейді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қорғау инженері Ғалымжан Пірішев.
Сабырхан Сейілбекұлы