You are currently viewing Екі елдің кәсіподағы бас қосты

Екі елдің кәсіподағы бас қосты

  • Post category:Новости

Екатеринбургте шекара маңы өзара іс-қимылы және ынтымақтастық Меморандумы аясында «Қазкөліккәсіп» ҚБ және «Роспрофжел» ҚҰ өңірлік құрылымдарының отырысы өтті.
Жиында сөз алған «Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев мұндай басқосудың өзара ынтымақтастықты дамытып, тәжірибе алмасуда және екі арадағы байланыстарды нығайтуда маңызды және қажет екенін атап өтті. Бұл іс-шара Екатеринбургте екінші рет өткізілуде. Жиынға Қазақстан темір жолы кәсіподағынан Маңғыстаудағы, Алматыдағы филиалдар төрағалары да қатысты.
Теміржол кәсіподағы халықаралық конфедерациясы бас хатшысы Геннадий Косолапов сала еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты кәсіподақтардың іс-әрекеті қандай болатынына тоқталды. Осы ретте Оңтүстік Орал теміржолының Дорпрофжел Челябинск филиалының және Қазкөліккәсіп Қостанай филиалының өкілдері жеке тәжірибесімен бөлісті. Олар келісілген Жол картасы шеңберінде өзара іс-қимыл тәжірибесін айта отырып, осы жылға арналған жол картасы жобаларын таныстырды.
Іс-шара барысында сонымен бірге Меморандумның іс-шараларын БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жариялау, жол картасын құру бойынша ұсынымдар қабылдау мәселесі де сөз болды. Екі ел теміржолының кәсіподақтары бірігіп, халықаралық футбол матчы, кәсіподақ жетекшілеріне арналған оқу семинары, т.т. маңызды іс-шаралар өткізілгені айтылды. Былтыр желтоқсанда «Қазкөліккәсіп» ҚБ өкілдері қонақ ретінде Ресейдегі IV Теміржолшылар съезіне қатысты. Биыл ақпан айында бірнеше офлайн және онлайн кездесулер өткізілді. Осындай бірлескен іс-шаралар биыл да жалғасын тауып, өңірлік кәсіподақтың дамуына бағытталған жұмыстар жүргізілетін болады.

Райхан Рахметова