You are currently viewing 120 жыл: Тәуелсіздік жылдары еңсерілген белестер

120 жыл: Тәуелсіздік жылдары еңсерілген белестер

  • Post category:Новости

Биыл Қазақстан темір жолына 120 жыл толып отыр. Бүгін қазақ темір жолының тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріне тоқталмақпыз.
КСРО ыдырап, тәуелсіздік алған елімізде 90-шы жылдардың басындағы дағдарысты сәтті еңсеруге мүмкіндік берген терең институционалдық реформалар жүргізілді. 1997 жылы 31 қаңтарда үш жолдың негізінде «ҚТЖ» РМК құрылды, ол 2002 жылдың наурызында «ҚТЖ» ҰК ЖАҚ, кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта құрылды.
Бұл оқиға ел экономикасындағы үлкен өзгерістерге ұйытқы болды. Инфрақұрылымды жаңғырту, электрлендіру, жаңа желілерді тарту және екінші жолдарды төсеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. 1998 жылы Шу станциясында тепловоздарды күрделі жөндеу, Атбасарда электровоздар, Алматыда жол техникасы зауыттары құрылды.
Тәуелсіз Қазақстанда салынған алғашқы темір жол ұзындығы 184 шақырым болатын Ақсу-Дегелең болды (2001). Үш жылдан кейін Хромтау – Алтынсарин желісі (402 км) пайдалануға берілді. 2008 жылы – Шар – Өскемен темір жолының 151 шақырымы салынды.
2009-2015 жылдар аралығында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара, Жетіген – Қорғас, Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл теміржол желілері салынды. Осылайша, Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарында Қазақстанның Түркіменстан, Иран және Парсы шығанағы елдеріне тікелей шығуын қамтамасыз ететін жаңа маршруттар пайда болды. 2014 жылы Құрық порты Боржақты – Ерсай жаңа желісі арқылы магистральдық теміржол желісіне қосылды.
Сонымен қатар, 2015 жылы «Шу-Алматы-1» автожолының екінші жолын салу аясында 110 шақырымнан астам магистральдық жолдар мен онымен байланысты инфрақұрылымдарды салу жобасы іске қосылды.
Жалпы, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары 2500 шақырымнан астам жаңа жол салынды. Алдағы үш жылда тағы 1300 шақырым жол салу, Қытаймен шекарада үшінші теміржол бекетін ашу, Бақты мен Қалжат жаңа құрғақ порттарын салу жоспарлануда.
Осы жылдар ішінде темір жол көлігі ауқымды қайта құрулардың ұзақ жолынан өтті – локомотивтер, рельстер және салалық кәсіпорындарға арналған жинақтаушы бөлшектердің өзіндік өндірісі жолға қойылды. ҚТЖ ірі көліктік-логистикалық хабқа айналуда. Ақтау және Құрық порттары игерілуде, Қытаймен шекарада «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрылды, Ляньюньганның қытайлық серіктестерімен бірге Ляньюньган портында логистикалық терминал ашылды.
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа табысты интеграцияланып, халықаралық деңгейде мойындалды. Бүгінде еліміз арқылы 11 халықаралық транзиттік дәліз өтеді – бес теміржол және алты автомобиль. «Жаңа Жібек жолы» жобасы, TMTM, Солтүстік-Оңтүстік дәліздері қарқынды дамып келеді. Тасымалдау көлемі артып келеді – биылғы жылдың соңына дейін ҚТЖ жүк айналымы бойынша тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа рекордты – шамамен 260 миллион тонна-километрді құра алады.
120 жылдық қарқынды прогрессивті дамудан кейін темір жол саласы егемен Қазақстанның экономикасының қалыптасуы мен нығаюына өзінің елеулі үлесін қосуды жалғастыруда.