You are currently viewing ЛОКОМОТИВШІЛЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ЛОКОМОТИВШІЛЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

  • Post category:Новости

Қазалы станциясында өткен «Қазкөліккәсіп-2022 шағын футбол лигасының кубогы» турниріне Қызылорда теміржолының солтүстік аймақтарынан алты команда қатысты.

 «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның 30 жылдығына және спорт секторының жылдық жоспарына сәйкес орайластырылып ұйымдастырылған турнир өте қызықты да тартысты өтті. Шиеленіскен ойын ұзаққа созылып, командалар бір-біріне қарымта гол соғып, көпке дейін жеңімпаз команданы анықтау мүмкін болмады. Дегенмен, соңғы таймда Қызылорда локомотив пайдалану депосына қарасты Қазалы айналым депосының «ТД-23» құрама командасының айы оңынан туып, жеңіс тұғырына көтерілді.  

– Бұған дейін Қызылордада өткен жарыстарға осы солтүстік аумақтағы мекемелердің командалары қатыса алмағандықтан Қазалы станциясына арнайы келіп ұйымдастырып отырмыз. Ойын барысында   локомотившілер бірінші орынды алса, Әскерилендірілген теміржол күзетінің «ВЖДО» құрамасы мен Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының «ЭЧ-26» командалары 2 және 3 орынның жүлделерін өзара бөлісті, – деді спорт бөлімінің басшысы Бақытжан Имбергенов.  

Жеңімпаз командалар арнайы жүлделермен марапатталса, жарысқа қатысқан Қазалы өртке қарсы күрес пойызы мен жол дистанцияларының командалары да құр алақан қалмай, кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген ынталандыру сыйлығын алды.  

 Азамат ҚҰЛЫМБЕТ