You are currently viewing ТАМАША «ТОСЫНСЫЙ» БОЛДЫ

ТАМАША «ТОСЫНСЫЙ» БОЛДЫ

  • Post category:Новости

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мереке қарсаңында қыздардың жұмыс үстеліне гүл шоқтары мен мей- рамханаға шақыру билеті қойылды.
«Таңертең жұмысқа келгенде қыздарымыздың алдында бір шоқ гүл тұрса, мерекелік көңілкүй қалыптастырып, қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Сондай-ақ соңғы жылдары пандемия әсерінен корпоративтік рухты көтеру жағы кенжелеп қалғанын ескеріп, әйелдер қауымын мейрамханаға шақырып сыйлауды ұйғардық», – дейді кәсіподақ жетекшісі Боранбай Қамиев.
Сонымен қатар, барлық нәзікжанды қызметкерге 5 мың теңгеден таратылып, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын вокзал шаруашылығы қыздарына сән үйіне сертификат, ұжымға қысқатолқынды пеш сыйға берілді.


Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау
Суретті түсірген автор