You are currently viewing Теміржолшылар үшін 60-тан астам жылжымалы ғимарат орнатылды

Теміржолшылар үшін 60-тан астам жылжымалы ғимарат орнатылды

  • Post category:Новости

ҚТЖ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін жолға шығу сипаты бар желілік кәсіпорындар теміржолшыларының тұруы мен демалуына арналған жылжымалы ғимараттар орнатуда.
Бүгінгі таңда магистральдық желінің Ақмола, Қостанай, Семей, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау бөлімшелерінде 67 модульдік ғимарат орнатылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ҚТЖ желісінде 132 жылжымалы ғимарат пайдалануға дайын болады.
Магистральдық желі дирекциясы кәсіпорындарының қажеттілігіне қарай сыйымдылығы 8-ден 10 адамға дейінгі модульдер орнатылуда.
Қиын климаттық жағдайларда да теміржолшылардың жайлы тұруы үшін ғимараттар жиһазбен, тұрмыстық техникамен, душ кабиналарымен және қажетті басқа заттармен жабдықталғаннан басқа, барлық қажетті инженерлік коммуникациялар ғимараттарға қосылады.