You are currently viewing Теміржолшылардың 6 мыңнан астам баласы сауықтыру лагерлерінде демалды

Теміржолшылардың 6 мыңнан астам баласы сауықтыру лагерлерінде демалды

  • Post category:Новости

Биыл теміржолшылар отбасыларының балалары сауықтыру лагерлерінде өте белсенді демалды. 2023 жылдың жазында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің 6 мыңнан астам баласы сауықтыру науқанымен қамтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компанияның, саланың және тұтастай алғанда елдің дамуы үшін үлесі елеулі болуы мүмкін болашақ ұрпаққа қамқорлық жасауды маңызды деп санайды. Компания балаларға арналған Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Бурабай, Зеренді және басқа да өңірлердегі сауықтыру лагерлеріне баруды ұйымдастырды.
Балалар жолдаманы жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасында қол қойылған Ұжымдық шарт шеңберінде алды. Ата-аналар оның тек 10% құның ғана төледі. Балаларды тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асырды.