You are currently viewing ТУРНИР. АРЫС

ТУРНИР. АРЫС

  • Post category:Новости

Кешегі жексенбі арыстық теміржолшылар үшін тамаша спорттық шарамен өтті. Шымкент магистралдық желі бөлімшесіне қарасы Арыс сигнализация және байланыс дистанциясы техникалық білімінің техникалық инженері Абулла Тайырұлының 60 жас мерейтойына арналған кіші футбол турниріне 54 команда қатысты.
Абдулла Тайырұлының 1989-1998 жылдары Отырар, Арыс, Ордабасы аудандарында электромонтер болды, ал темір жолдағы еңбек жолы 35 жасында метролог болып бастады. 2007 жылы дистанцияда байланыс бөлімінің телім басшысы, 2009 жылы жөндеу және техникалық бөлім басшысы, 2012 жылдан техникалық бөлімнің жетекшісі, метрологиялық зертхананың басшысы сынды қызметтерді атқарды.
Электрлік желі мен физика ғылымымен жаны егіз Абдулла Тайырұлы ШЧ-38 Арыс сигнализация және байланыс дистанциясына келместен бұрын түрлі салада 4 мамандықта білім алыпты. «жаныма жақыны осы метрология болды, осы жерде, теміржолда ғана өзімді тапқандай болдым, жұмысым жаныма жақын, өзіме қатты ұнайды» дейді кейіпкеріміз. Қазіргі таңда ізін басып келе жатқан метролог маман Күшікбаев Кенжебек пен 1-категориядағы инженер Тұрысбеков Дәурен өздерін Абдулла Тайырұлының шәкірттері санайды екен.
«Әр адам туған күнін әрқалай ататп өткенді қалайды. Мен үшін маңыздысы туған отбасыма айналған ШЧ-38 ұжымым, өз ізбасарларымны ортасында осындай шара өткізу болды. Қаржыны тойға емес, салауатты өмір салтын насихаттап спортқа жұмсағанды жөн көрдім»- дейді метролог-инженер Абдулла.
Жалпы футбол турниріне 5 команда қатысты, Жүлде қоры 300 000 теңге қарастырылып, 1-орынды «электр орталығы», 2-орынды «байланысшылар», 3-орынды «ШЧ-38» әкімшілігі командалары иеленді. Сонымен қатар, «үздік қақпашы», «үздік футболшы», «үздік төреші» номинацияларына да қаржылай ынталандыру сыйлығы мен арнайы алғыс хаттар табыстады.
Жеңімпаздарды «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент филиалының төрайымы Нағима Салықбаева мен Шымкент магистралдік желі бөлімшесінің кәсіподақ төрағасы Ерлан Серперов арнайы құттықтап, марапаттарын табыс етті.
Ал іс-шараға себепші мерейтой иесіне қазақы дәстүрмен шапан жабылды.

Шымкент, Сабира Байзахова