You are currently viewing «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі тағы 12 жаңа купе вагонымен толықтырылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі тағы 12 жаңа купе вагонымен толықтырылды

  • Post category:Новости

Келіп түскен жылжымалы құрам Ұлттық тасымалдаушының «Северный» өңірлік филиалының Павлодар учаскесіне жіберілді. Заманауи жаңа вагондар №45/46 «Павлодар – Түркістан» бағдары бойынша пойыздар құрамында жүретін болады.
Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа вагондар ауаны баптау жүйесімен, ауа сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен және тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купе электр розеткаларымен және USB қосқыштарымен жабдықталған. Тиісті пайдалану кезінде жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі отандық 32 жаңа жолаушылар вагонымен толықтырылған болатын. Вагондар Ақтөбе темір жол маршруттары бойынша сәтті жүріп жатыр. Бұл өзгерістер вагондардың жайлылығына, сервисіне және ыңғайлылығына қанағаттанған жолаушылар мен жылжымалы құрам қызметкерлерінен оң баға алды.
Қоса кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон паркін жаңарту бойынша жоспарлы және кезең-кезеңмен жұмыс жүргізуде. Сонымен, келесі жылдың басында қазақстандық 100 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, 2025-2030 жылдар аралығында Stadler компаниясының 537 вагонын сатып алу көзделген. Барлық жоспарланған іс-шараларды ескере отырып, 2030 жылы вагон паркінің орташа жылы 18-ден 13 жылға дейін төмендейді. Бұл ретте жылжымалы құрамның ауаны баптау жүйесімен қамтамасыз етілуі 100% құрайтын болады.

Rail-news.kz