You are currently viewing ҚАЛАУЛЫ ДА ҚАУІПТІ КӘСІП!

ҚАЛАУЛЫ ДА ҚАУІПТІ КӘСІП!

  • Post category:Новости

Жылжымалы құрамды жинап, жолға салатын пойыз құрастырушылар – саладағы ең қиын да қауіпті кәсіп иелері. Ақтөбе станциясының пойыз құрастырушысы Алдияр Тлеубергенов осы жұмысты отыз бес жыл атқарып келеді.

«Ең бірінші талап – темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы. Әрине, пойыз құрастырушының жұмысы жеңіл емес. Қыста 40 градус аязда вагонға жармасып жүру оңай ма? Бірақ, өндірістіт салада жұмыстың бәрі қиын, бәрі де қауіпті», – дейді кейіпкеріміз.
Теміржолшылар отбасында туыпөскен азамат мамандық таңдауда қателеспегеніне бек сенімді. Кейіпкеріміздің пайымынша, маневр жасау, пойыз құрастыру, вагондарды ажырату, қосу сынды күнделікті атқарылатын жұмыстардың
сауатты жүргізілуі – жылжымалы құрамның сапқа тұруына, қозғалысқа түсуіне, ең бастысы қауіпсіздікке кепіл болады.

Тәжірибелі пойыз құрастырушының қырағылығы арқасында өткен жылы №33 жолаушылар пойызы тоқтатылып, дер кезінде қауіптің алды алынды. Сол күні ауа райы қолайсыз болып, жел күшейіп, станциядағы басты жолдың біріне аяқ асты тал құлады. Сол маңда жұмыс істеп жатқан Алдияр Тлеубергенов шұғыл түрде станция кезекшісіне хабарлап, ол өз кезегінде станцияға жақындап қалған жолаушы пойызының машинисін құлағдар етіп, тоқтатып үлгерді.
Станция басшылығы қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына қосқан үлесі үшін пойыз құрастырушыға алғыс айтты.
Тәжірибелі теміржолшы станцияға жаңадан келген жастардың тәлімгер ұстазы ретінде де танымал. Алпысты алқымдап
қалған маман кәсібінің қыр-сырын үйренгісі келетін жастарға білгенін үйретуден жалыққан емес. Қазір жас мамандардың
көптеп келіп жатқанын айтады. «Қалаулы кәсіп кісіні жалықтырмайды. Осы кәсіпті қалап келген жастарға біздің жұмыста ең
алдымен есте ұстарың – сақтық, қырағылық, жауапкершілік. Осы үшеуін қатар ұстағанда сен нағыз теміржолшы боласың деймін» дейді тәжірибелі пойыз құрастырушы.

Источник

Ардақ ЕРУБАЕВА,
Ақтөбе

Суретті түсірген автор