You are currently viewing ҚТЖ басшылығы Семей жол бөлімшесінің теміржолшыларымен кездесті

ҚТЖ басшылығы Семей жол бөлімшесінің теміржолшыларымен кездесті

  • Post category:Новости

Абай облысына жұмыс сапары кезінде ҚТЖ басшылығы Аягөз станциясындағы қазандықтан вокзалға дейінгі теміржол кәсіпорындарында болды.
Барлық теміржол кәсіпорындары мен станциядағы тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етіп отырған «Теміржолсу» АҚ қазандығы жұмысының барысы қаралды.
Локомотив пайдалану депосы машинистері үшін оқу сыныптарына бару да дәстүрге айналды. Локомотив жөндеу депосының цехтары қаралды.
Өндірістік нысандарға барған кезде компания басшылығы кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесті, ағымдағы өндірістік міндеттерді талқылады. Теміржол бөлімшелері әрбір қызметкерінің еңбегі және олардың ел экономикасын дамытудағы маңызы атап өтілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚТЖ өңірде маңызды инфрақұрылымдық жобаны – облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосымша серпін беретін Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысын іске асыруда.