You are currently viewing Қыркүйек айында ҚТЖ желісі бойынша жүктерді тасымалдау 6,7% өсті

Қыркүйек айында ҚТЖ желісі бойынша жүктерді тасымалдау 6,7% өсті

  • Post category:Новости

2023 жылғы қыркүйекте ҚТЖ желісінде жүктерді тиеу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% өсіп, 22,1 млн тоннаны құрады.
Ел бойынша теміржол көлігімен 14,6 млн тонна тасымалданды, бұл 2022 жылғы қыркүйектегі көрсеткіштен 5% артық. Экспорт 10% өсіп, 7,5 млн тоннадан асты.
Таскөмірдің 8,8 млн тоннасы тиелді. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың қыркүйек айындағы деңгейден 2% жоғары. Ел бойынша 6,4 млн тонна (+4,5%) тасымалданды. Экспортқа 2,4 млн тонна тиелген.
Қыркүйек айында астық тасымалы 15,8% артып, 865 мың тоннаға жетті. Экспорт 32% өсті. Ұнтақ өнімдерін тиеу 2,3%, республика бойынша – 15% ұлғайды.
Қыркүйектегі тасымалдағы ең үлкен өсімді химиялық тыңайтқыштар (+15%), темір рудасы (+43%), түрлі-түстікен (+11%), құрылыс жүктері (+7%) көрсетті. Мұнай өнімдерінің экспорты 22% артты.
Пайдалану жүк айналымы қыркүйек айында 5,6%, яғни 21,8 млрд тонна-километрге дейін өсті.