You are currently viewing Ұрпақтар сабақтастығының үлгісі

Ұрпақтар сабақтастығының үлгісі

  • Post category:Новости

Семей ЖТ бөлімшесінде ерекше салтанатты шара өтті. Аймақ теміржолында ұзақ жыл абыройлы еңбек етіп зейнетке шыққан сала ардагерлері бас қосқан жиын ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі болғаны анық.
Республика күні қарсаңында өткен шараға бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің директоры Айдын Шәукежанов арнайы қатысты. Көпшілік алдында сөз алған Алмас Ғылымұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, тәуелсіз Қазақстан теміржолының өркендеуіне үлес қосқан аға буын өкілдерінің еңбегіне ерекше тоқталды. Бөлімше басшысы бірқатар ардагерлердің өңіріне «Қазақстан темір жолына 25 жыл» төсбелгісін тағып, жас теміржолшылар аға буынға гүл шоқтарын ұсынды.
Өз кезегінде сөз алған ардагерлер қатарында қырық жылдан аса теміржол вокзалында еңбек еткен байырғы желілік билет кассирі Гүлзира Берікболова бөлімше басшылығына, кейінгі жас буынға алғысы мен ізгі тілегін арнап, зейнеткерлер қауымының атынан лебізін білдірді.
Осынау шара еңбекке жаңа араласқан жаңа буын өкілдерінің аймақ теміржолының тағылымды тарихымен танысып, бүгінгі таңда өздері атқарып жүрген қызметке деген құрмет сезімін арттыра түскені талас тудырмайды.
Қуаныш Қожаев