90 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР!

  • Post category:Новости

3 маусым – вагоншылар күні. Биыл вагон шаруашылығының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Теміржол саласы
үшін вагон шаруашылығының маңызы өте зор.

Егер тарихқа шолу жасасақ, КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен ВКП(б) Орталық Комитетінің 1933 жылғы
3 шілдедегі «Теміржол көлігінің жұмысы туралы» қаулысымен теміржол шаруашылығына қарасты негізгі
салалардың жұмысын жақсарту мақсатында тартым күші басқармасы паровоздарды басқару және вагон
дарды басқару болып екі бөлімшеге бөлінді. Осы құжаттың негізінде Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің вагон шаруашылығының уәкілетті мамандарынан құралған Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің комиссиясы 2008 жылғы 24-26 маусымда Тәжікстанның Худжанд қаласында өткен отырысында 3 шілдені вагон шаруа-
шылығының құрылған күні немесе жай ғана Вагоншы күні деп санауды ұйғарды.
Қазақстан темір жолының вагон шаруашылығын басқарған білікті кәсіби мамандар аз емес. Олардың қатарында Әділ Ізбекенов, Слямбек Рыспаев, Зейнолла Шайықов, Қайраткен Нығыметов, Сәкен Төлебаев сынды вагон шаруашылығының «жілігін шаққан» майталман мамандар, білікті басшылар салаға жетекшілік етті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да вагоншылардың білім-біліктілігін көтеруге ерекше назар аударады. Жыл сайын қауіпті ақауларды анықтап, қозғалыс қауіпсіздігіне орасан зор үлес қосып отырған вагоншылар қандай құрметке де лайық дер едік.

Ислам ТАЛҒАТ,
Астана