You are currently viewing Теміржол мұражайы құнды жәдігерлермен толығуда

Теміржол мұражайы құнды жәдігерлермен толығуда

  • Post category:Новости

Семей ЖТ бөлімшесіндегі «Түрксіб-Семей» теміржол мұражайының есік ашқанына биылғы тамыз айында 10 жыл толмақ. Осы атаулы күнге орай арнайы акция өтіп жатыр.
Тарқатып айтсақ, «музейге сыйлық» акциясы аясында мұражайға көненің көзі ескі жәдігерлер тапсыруды көпшілік бірден іліп әкетті. Бүгінде байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен тәбәрік заттар келіп жатыр. Мәселен, жуырда сондай құнды заттардың бірнешеуі шалғайдағы Тобыл станциясынан жетті. Сол өңірдегі ардагер теміржолшы, локомотив депосының басшысы болған Александр Бровко өзінің жеке мұрағатындағы жәдігерлерді Семейге арнайы жолдапты.
Байырғы уақыттарда теміржол саласында қолданыста болған, бүгінгі заманда таңсық дүниеге айналған осынау бұйымдарды музейге бөлімше басшысы Владимир Владимирович өз қолымен әкеліп табыстады. Шалғайдан жеткен бір чемодан бағалы бұйымды «Түрксіб-Семей» мұражайының негізін қалаушы Құрметті теміржолшы Мақсұт Көшжанов өзі қабылдап алды.
Жалпы, бүгінде теміржол музейінің танымалдылығы артып келеді. Көпшілік жиі экскурсия жасайтын танымдық орынға айналды.

Қуаныш Қожаев