You are currently viewing Кәсіби шеберлік

Кәсіби шеберлік

  • Post category:Новости

Теміржол көлігіндегі персоналды бағалау және дамыту орталығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жас қызметкерлері арасында «Жас үздік маман»республикалық кәсіби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Саладағы бес негізгі кәсіптің 50 астам өкілі үздік атану үшін күресті. Тапсырмаларды орындау барысында олар өздерінің ең жақсы кәсіби және жеке қасиеттерін паш етті.

Мұндай кәсіптік жарыстарды өткізу жұмысшы мамандықтарының беделін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және жас қызметкерлер үшін қосымша ынталандыру болып табылады.

Байқау өңірлік және республикалық деңгейде өткізілді. 35 жасқа дейінгі теміржолшылар – жол монтері, жолаушылар вагонының жолсерігі, байланыс желісінің электромонтері, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы және тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор сияқты кәсіптердің өкілдері қатысты.

– Байқау алғаш рет 2019 жылы басталды. Ағымдағы жылы шілде-тамыз айларында өткен өңірлік іріктеуге 300 астам жас қызметкер қатысты. Алайда финалға барлығы бірдей жете алмады. Мұнда финалистер тестілеуді сәтті тапсырып, мамандандырылған алаңдарда практикалық тапсырмаларды орындауы керек еді, – деп бөлісті «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Ержан Жаналиев.

Мамандардан және бейінді шаруашылықтар басшыларынан құрылған арнайы комиссия қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалады.

Екі финалдық сынақтың қорытындысы бойынша номинациялар бойынша жеңімпаздар: «Байланыс желісінің электромонтері» – ЭЧ-21 Жамбылдан Әлішер Суанбеков, «Жолаушылар вагонының үздік жолсерігі» – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалының атынан Ақтай Нұрдәулет, «Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор» – Алматы ЖТ бөлімшесінен Малика Борамбаева, «Жол монтері» ПЧ-47 Шоқпардан Махан Дархан, «Жүк пен багажды қабылдап тапсырушы» – Алматы ЖТ бөлімшесінен Жандос Қожабеков.

Жеңімпаздар дипломдармен, статуэткалармен және бірінші, екінші мен үшінші орындарға біржолғы төлеммен марапатталды.