Вы сейчас просматриваете ҚАРАМҰРЫННЫҢ СТАНЦИЯ КЕЗЕКШІСІ!

ҚАРАМҰРЫННЫҢ СТАНЦИЯ КЕЗЕКШІСІ!

  • Рубрика записи:Новости

Қарағанды ЖТ бөлімшесіне қарасты үшінші класты Қарамұрын станциясында 40 шақты үй бар. Әрине, олардың көбі – байырғы теміржолшылар отбасы. Солардың бірі – салада 22 жылдық тәжірибесі бар станция кезекшісі Қайрат Тәжібаев.

Қайраттың мұнда станция кезекшісі болып еңбек етіп жатқанына үш жылдан енді асты. Транзиттік жүктер мен жолаушылар пойыздары жиі қатынайтын, әрі кіреберістегі тұйықта жеке кәсіпорындардан кварцет тиелетін шағын станцияда жұмыс көлемі аз емес.
– Көріп тұрғаныңыздай, пультпен басқару жүйесі арқылы жұмыс істеп, пойыздар дың қозғалысын реттеп отырамыз. Бір ауысымда 12 сағат жұмыс істеймін. Сол ауысым кезінде бұл жерден 13-14 пойыз өтеді. Ең бастысы – еңбек қорғау шарттарын, қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін сақтай отыра, қызметтік міндеттерімізді абыроймен атқаруға тырысамыз, – дейді станция кезекшісі.
Жезқазғанның «Красная поляна» станциясында туған кейіпкеріміз теміржол колледжін тасымалды ұйымдастыру мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы еңбек жолын 1998 жылы Құлагер станциясында пойыз құрастырушы болып бастаған екен. 13 жылдан кейін сол станцияға кезекші болып ауысқан. Қарамұрын станциясына жұмыс ауыстырған соң отбасымен көшіп келген. «Теміржолда тұрақтылық бар. Үйренген, оқыған жұмысым. Сондықтан өмірімді басқаша елестете алмаймын», – дейді Қарамұрын станциясының кезекшісі.

Источник

Нұрсұлтан НҰРЛАНҰЛЫ,
Қарағанды

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК