You are currently viewing Мемлекет басшысына үндеу!

Мемлекет басшысына үндеу!

  • Post category:Новости

«Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі Алматы қаласы мен Алматы облысында жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан елдегі жағдайға байланысты терең алаңдаушылық білдіреді. Бейбіт митинтерге қатысушылардың заңды талаптарының негізгі себептері газ, азық-түлік, ең қажетті тауарлар бағасының күрт қымбаттауы, жұмысшылардың құқықтарына қысым жасау болып табылады деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының белсенді мүшелерінің бірі ретінде «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігінің басымдылықтары адамдарға, олардың әл-ауқатын, әлеуметтік-экономикалық қорғауын қамтамасыз ету және соның нәтижесінде жұмысшылардың өмір сүру сапасын жақсарту. Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің Мемлекет басшысына халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі ұсыныстарымен үндеуіне қосыламыз. (Үндеу қоса беріліп отыр)

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа

ҮНДЕУ

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы азаматтық қоғамның бөлігі ретінде елде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіреді және тұрақтылық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы, іс-әрекеттердің заң аясында жүзеге асырылуы мен бейбітшілік пен келісімнің сақталуын қолдайды.

Соңғы оқиғалардың негізгі себептері қатарында жалпы халық табысының төмендігі, азаматтардың еңбек ету құқығы толыққанды қамтамасыз етілмеуі және әлеуметтік диалогтың тиісті дәрежесінде болмауы деп есептейміз.

Осыған байланысты Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру үшін келесі жүйелі шаралар қабылдау керек:

  • еңбекақы төлеу жүйесін, еңбек және кәсіподақ заңдылықтарын жетілдіру арқылы еңбек етудің лайықты шарттарын, жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарды ашуды қамтамасыз ету, еңбек заңдылықтарын сақтауда мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту;
  • Халықаралық еңбек ұйымының № 131 «Ең төменгі еңбек ақыны

белгілеу туралы» және № 102 «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы» конвенцияларын шұғыл ратификациялау;

  • әлеуметтік әріптестік жүйесін реформалау және «Әлеуметтік

әріптестік туралы» жаңа Заң қабылдау арқылы Үкімет, жұмыскерлер бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы шынайы әлеуметтік диалогты қамтамасыз ету;

  • азаматтық қоғамның институттарының рөлін күшейту.

Біз бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігері ғана Қазақстанда әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын алға бастыру және еңбек адамына лайықты жағдай жасауды қамтамасыз етудің негізі бола алатынына сенімдіміз.

Қазақстан Республикасы

Кәсіподақтар федерациясының

Атқару комитеті

2022 жыл, 07 қаңтар